Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаевтың бастамасымен «Салттық қызмет көрсетудегі бірізділік мәдениеті» тақырыбында имамдарға арналған жиын өтті.
Жиынға ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы арнайы қатысып, аталмыш орталық жұмысын таныстырды. Атқарылған жұмыс есебін бейнебаян арқылы толықтай түсіндірді.
Орал қаласының имамдары қатысқан жиында «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өңірдегі жұмысы талқыланды. Қала мешіттерінің имамдарымен ақылдаса отырып жер мәселесі, мәйіт таситын көлік, мешіттің жанынан мәйітхана мәселелері қарастырылды. Имамдар көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.