Жетісу облысы, Көксу ауданының Мұқыр ауылында «Уақып» қорының демеушілігімен мешіт құрылысы басталды.
Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) келесі бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін» деп айтады.
Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар жасаған амал болған.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Егер адамдар Алланың үйлерінің бірінде жиналып, Құран оқып, оны өзара талқылайтын болса, оларға міндетті түрде жан тыныштығы түседі және оларды рақымшылық бүркеп періштелер қоршауына алады. Алла оларды Өзінің құзырындағылар жанында еске алады» – деген.
Алла Тағала өзінің үйін тұрғызуда жеңілдігі мен берекетін берсін деп тілейміз!