Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Сливовая көшесі, 132 участок бойынша орналасқан үй мен саяжай ҚМДБ “Уақып” қорына өткен болатын.
Үй пен саяжай Темірбековтар әулетінен Ахметұлы Темірбектің атынан Алланың разылығы үшін уақып етілді. “Уақып” қоры қабылданған мүлікті тек қана Ислам дінінің өркендеуіне, қайырымдылық жолында пайдаланатын болады.
Орындаушы: ҚМДБ “Уақып” қорының Қарағанды облысы бойынша өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы.