Ақпан айының 9-ы күні "Нұр-Мүбәрак" университеті, исламтану кафедрасының ұйымдастыруымен өткен "Исламтану" кафедрасы семинарлар сериясы жиынында "Қазақ даласындағы уақып мәдениеті" дәрісі өтті.
Дәріс барысында Нұр-Мүбәрак ислам университетінің докторанты, исламтанушы Қуат Қабдолда елімізде уақып институтының дамуы үшін іске асырылуы тиіс шаралар мен тақырыптарды қозғады:
1) "Уақып" қоғамдық қорлар институтын қалыптастыру;
(Әлеуметтік-діни мәселелерді, төтенше жағдайларды шешу мақсатында);
2) Уақыптанушыларды жетілдіру;
3) Уақыптың заңнамалық жағынан қорғалуын қолға алу;
4) Уақыптың басқарылу жүйесін қалыптастыру;
5) Мүфтият уақыбы рөлін дамыту;
6) Уақыпқа ғылыми, тарихи, салыстырмалы зерттеу жасау.
