Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Облыс Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қала, аудан Бас имамдарымен "Уақып қорының болашақ ислам ғалымдарын даярлаудағы рөлі" атты семинар өткізді. Семинар барысында уақып жұмыстарының маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті.
Өздеріңізге мәлім, Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институты» ашылды, қазіргі таңда болашақ ислам ғалымдарын даярлайды. Сонымен қатар, елімізде тұнғыш рет Құран ижазасын беретін институт болып бекітілді. Бұл үлкен бастама.
Еліміздегі ислам институтын қолдау мақсатында «Уақып» қорының тарапынан «table tend» жобасы жасалынды. Осыған байланысты арнайы әзірленіп жолданған бүктемелерді аудан жұртшылығымен таныстыру т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, бұл ауқымды жоба келешекте елімізден көптеген дін мамандары мен ғалымдарын дайындауда үлесі зор болмақ. Білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді зор іске қосып, жоғары деңгейде үлес қосуға шақырды.
Жұмыстарымыздың нәтижесінде аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жасалып, «table tend» бүктемелері «Қалалық орталық базар» дәмханалары, «Рамазан» дәмханасы, Жетісай қалалық асханалары мен мешіттері, «Азс» мекемесенің асханасы, «Император» дәмханасы, «DОNЕR HOUS», «Тамерлан» асханасы, «Арыстан баба» асханасы, «Истинжап» асханасы, «Алтын ұя» асханасы, «Ақбота» асханасы, «Раяна» асханасы, «Заря» дәмханасы және т.б. тамақтану орындарына қойылды.

Түркістан облыстық өкілдігінің
баспасөз қызметі