Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан жұмысын Қарқынды жүргізіп жатқан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының кезекті жиыны өтіп, бірнеше маман филиалдың арнайы бұйрығымен қызметке тағайындалды.
Салттық қызмет көрсету бөлімі «Жаназа және жерлеу» рәсімдері, «Зират және зиярат» концептуалды құжаттары аясында жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Аталмыш құжаттардың негізгі мақсаты – жаназа, жерлеу, ас беру мәселелеріндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсіру. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жиналған дін қызметкенлеріне бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жұмыстарын пысықтады. Сондай-ақ, аймаққа қарасты бірнеше мамандарды қызметке тағайындады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.