Жетісу облысы, Жаркент ауданында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының семинары өткізілді.
Семинар барысында «Зират және Зиярат мәдениеті» концептуалды құжаты баяндалып, толық түсіндірілді. Семинарға облыстық наиб имам Даутов Керымбек, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының Жетісу облыстық филиалының жауапты мамандары және облыстың өзге де имамдары мен ұстаздары қатысты.
