ҚМДБ "Уақып" қорыны мамандары "Әзірет Сұлтан" мешітінің жамағатына блиц-сауалнама жүргізді. Сауалнама тақырыбы "Садақа жария", яғни сарқылмайтын сауаптың кепілі болатын "уақып" садақасы. Сауалнаманың мақсаты: "уақыпты" насихаттау.
Сауалнама барысында респонденттерден "Сіз садақа жасайсыз ба?", "Садақаның сұлтаны жайлы естуіңіз бар ма?", "Уақып садақсы туралы білесіз бе?", "Уақып садақасына не жатады?" деген секілді сұрақтар қойылды.
Респонденттердің барлығы садақа беретіні анықталды. Жамағаттан алынған жауаптар бойынша, олар көбіне мешітке, немесе мұсылман мерекелерінің қарсаңында (пітір садақасы, айтта, құрбан айтта, рамазан айында және т.б.) садақа береді екен.
Кейбір респонденттердің "уақып" жайлы хабардар екендігін анықталды. Олар: "Уақып садақасына мешіт салу, медресе салу, діни оқулықтармен мешіт/медрселерді қамту жатады", - деп жауап берді.
"Уақып" садақасы жайлы ақпарат берілгеннен кейін респондентерге келесі сұрақтар қойылды: "Сіз сарқылмайтын сауапқа қол жеткізгіңіз келеді ме?", "Сіз "уақып" садақсын бергіңіз келеді ме?".
Барлық респонденттер оң жауап қатты. Кейбір респонденттердің ерекше жауабы:
1. Мешіттерге Құран сыйлағым келеді;
2. Мешіттерге діни/рухани заттарды сыйлағым келеді (тәспі, оқулықтар, анықтамалар);
3. Меккеге барып құрма ағашын отрығызғым келеді.
Сауалнамаға қатысқан адамдарға ҚМДБ "Уақып" қорынының серіктесі болып табылатын ZHANTAQ команиясының ZHANTAQ TEA сусыны сыйға берілді.
Сауалнамаға қатысқан адамдарға ҚМДБ "Уақып" қорынының серіктесі болып табылатын ZHANTAQ команиясының ZHANTAQ TEA сусыны сыйға берілді.
Блиц-сауалнама жүргізгендер: Айбибі Бектасқызы, Ақмарал Жеңісбекқызы.










