Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Шымкент орталық мешітінде өткен «Уақып – сарқылмайтын сауап» аймақтық ақпараттық-насихаттау семинары қатысты.
Семинар жұмысынан кейін, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы Шымкент қаласында бірнеше мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Оны Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен қалалық «Уақып» қорының жауапты өкілі Ералы Есенгелдиев таныстырды.
Жалпы, мешіт жаныннан салынған 8 қызметтік үй және 11 діни дүкен «Уақып» қорының қамқорлығына беріледі.
Сондай-ақ, 8 жерде оқушылар мен студенттерге арналған қайырымдылық мекемесінің құрылысы жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.
Кездесу барысында ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.