Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», - деді. Ендеше біз мешіт салатын болсақ, оған үлес қосатын болсақ, оның сыйы ретінде жәннәттан үлкен сарай беріледі деп Алланың елшісі сүйіншілеген.
Мешіт салу – сауабы үзілмейтін «уақып» амалына жататын игі іс. Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде былай дейді:
«Жарар еді ортада мешіт салсақ,
Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,
Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,
Байларымыз жиналып уақып қылсақ»...
Пайғамбарымыздың сүннетін жаңғырту мақсатында, Алладан сарқылмайтын сауап үміт ете отырып, ҚМДБ «Уақып» қорының Өскемен аймағы өкілдігі мен Шығыс Қазақстан облысына қарасты Таврия ауылының тұрғындарымен бірігіп, мешіт құрылысын бастады. Өскемен аймағы бойынша «Уақып» өкілі Берік Кәдірұлы мешіт салу бойынша демеушілермен келіссөздер жүргізген болатын. Кезіссөздердің нәтижесінде 1 м фундамент көтеріліп, мешіт құрылысы басталды.
Алла игі іске береке беріп, сансыз сауаптан жазсын деп тілейміз!



