Қарағанды қаласында орналасқан “Sauap” шайханасының иесі Иминжанов Қабылжан мырза игі ниетпен уақыпнама алды.
Уақыпнаманы Қарағанды облысы бойынша Уақып қорына жауапты маман Нұрбол Әділмұратұлы ресми түрде табыстады.
Қабылжан мырза адал кәсіп арқылы елге қызмет етіп қана қоймай, табысының бір бөлігін уақып жолына арнау арқылы сауапты істі жалғастыруға ниет білдірді. Бұл – сауабы үзілмейтін жария садақаның көркем үлгісі, қоғам игілігіне бағытталған ізгі қадам.
Осы сауапты бастамасы үшін Уақып қоры Иминжанов Қабылжан мырзаға шынайы алғысын білдіреді. Алла Тағала жасаған амалын қабыл етіп, кәсібіне береке, табысына молшылық, отбасына амандық пен тыныштық нәсіп етсін!