Алматы қаласында “AmanRoza” ерлер киімінің иесі
Ниязова Роза ханым Уақыпнама алды.
Ұзақ жылдар бойы ерлер киімін көтерме түрде сатумен айналысып, Алматы қаласындағы сауда саласында өзіндік орны бар Роза ханым сауапты істі қолдап, ай сайынғы табысынан үлес қосуды ниет етті. Бұл — кәсіпкердің қоғамға қызмет көрсетуге, дін мен қайырымдылық ісіне атсалысуға деген шынайы ықыласының айқын белгісі.
Уақыпнаманы ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директор орынбасары Али Анарқұлұлы салтанатты түрде табыстады.
Роза ханым өз сөзінде:
«Барша саудагерлерді Уақыпты қолдауға шақырамын. Бұл — Алла разылығы үшін жасалатын ең игі амалдардың бірі», — деп атап өтті.
Алла Тағала Роза ханымның кәсібіне береке, қадамына қайыр, жасаған амалына еселеп сауап жазсын!