Қадірлі жамағат!
Баршаңызды бүкіл мұсылман үмбеті асыға күтетін ең ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айтулы күн – адамзат баласын ізгілікке, бір-біріне деген жанашырлық пен шынайы бауырмалдыққа шақыратын ерекше кезең. Құрбан айт - Жаратушы Иемізге деген шексіз құлшылық пен бойұсынудың, шынайы ықылас пен тақуалықтың айқын көрінісі. Мұсылман қауымы құрбандық шалу арқылы Алланың разылығынан үміт етіп қана қоймай, айналасындағы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қоғамдағы ынтымақ пен ағайын арасындағы татулықты бекемдей түседі. Осынау мүбәрак күндері шалған құрбандықтарыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен барлық игі амалдарыңыз қабыл болсын! Әрбір шаңыраққа амандық, мол несібе, құт-береке мен тыныштық тілеймін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз әрдайым берік болғай!
Құрбан айт мерекесі баршаңызға құтты болсын!