Атырау облысының бірнеше мешіттерінде жамағатқа уақып тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, “Мақат” орталық мешіті, “Бақтыгерей молда” мешіті, “Медет” мешіті және “Сұлтан Бейбарыс” мешітінде жамағатына уақыптың шариғаттағы орны, оның садақа жария ретіндегі артықшылықтары, сондай-ақ қоғамға және мұқтаж жандарға тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, барша көпшілік игі іске атсалысуға шақырылды.


