«Уақып – үзілмес көпір» атты семинар өтті
Батыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Уақып – үзілмес көпір» атты мазмұнды семинар өтті. Шараға облысқа қарасты аудан және қала имамдары қатысып, діни-ағартушылық бағыттағы маңызды мәселелер талқыланды.
Семинар барысында БҚО-ның бас имамы Самат Қанатқалиұлы баяндама жасап, исламдағы уақып ұғымының мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Бас имам өз сөзінде уақыптың – қоғамға ұзақ мерзімді пайда әкелетін, сауапты әрі тұрақты қайырымдылық түрі екенін атап өтіп, оның дініміздегі орны, тарихы және қазіргі қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты түсіндірді.
Шараның келесі бөлімінде «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі сөз алып, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысы туралы баяндады. Ол қордың мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар, уақып мүлкін қалыптастыру және оны тиімді басқару жолдары туралы нақты ақпарат берді. Сондай-ақ уақып мәдениетін жамағат арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, имамдардың бұл бағыттағы рөлі ерекше екенін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап алмасу ұйымдастырылып, өзара тәжірибе бөлісу өтті. Басқосу уақып мәселесіне қатысты түсінікті тереңдетіп, өңірде уақып бағытындағы жұмыстарды жандандыруға оң ықпал етті.