ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келді!
ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келіп, өңірдегі уақып қызметінің жағдайымен танысты.
Бүгін Өскемен қаласындағы Орталық мешітте бесін намазында жамағатпен жүздесіп, уақыптың мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Жамағатқа уақыптың қоғамдағы орны, сауапты іс ретіндегі ерекшелігі жайлы тағылымды насихат айтты.
Сапар барысында Өскемен қаласындағы «Ғиззатия» қайырымдылық мекемесіне (студент қыздар жатақханасы) барып, ондағы жұмыс барысымен танысты және шәкірттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі болды.
Алла Тағала атқарылған игі істерге береке нәсіп етіп, еліміздің өркендеуін нәсіп еткей!