Нұрсағат» бұлағы – жария садақаның жарқын үлгісі
Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Ақ Қайың шипажайының жанында орналасқан «Нұрсағат» бұлағы – уақыптың бір көрінісі.
1990-жылдары Нұрсағат Абжанұлы ағамыз осы бұлақты тауып, көзін ашып, арнайы тексеруден өткізген. Кейіннен жұбайы Мәдина апай, інісі Нұрсат және балалары Ерлан мен Нұржан бірлесе бұлақты жөндеп, халық игілігіне ұсынды. Содан бері бұл қайнар «Нұрсағат» бұлағы деп аталып келеді.
ҚМДБ «Уақып» қорының Директорының кеңесшісі, исламтанушы Қуат Қабдолда мырза арнайы барып, осы сауапты істің мән-маңызына тоқталып, жомарттықтың маңызын атап өтті.
Су тарату – жария садақаның ең абзалы. Бұлақ көзін ашып, халыққа пайда тигізген жандардың амалы қабыл болғай!