Құран сыйлау
Құран – уақыт көші жылжыған сайын жасара, жаңара түсетін, қартаймайтын қасиетке ие жалғыз Кітап. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады.
Құранның қадір-қасиетін баяндайтын көптеген аяттар мен хадистер бар, мысалы, Бұхари жеткізген хадисте «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», - делінген. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен амал еткен қауымның екі дүниеде де мерейін өсіріп, ал амал етпеген қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» (Муслим), – делінген.
Құран оқушы, тіпті оны сыйлаушы да сый-сауапсыз қалмайды екен. «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп» (Тирмизи). Демек, сіз сыйлаған Құраннан оқылған әрбір аят, тіпті әрбір әріп үшін сізге сауабы келіп тұрады.
Құран сыйлап, үздікісіз сауапқа жетудің ең абзалы – мешіт пен медресе сөрелерін Құранмен толтыру. Осыған орай, "Садақа-жасау" батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Алла Тағала Құранның таралуына үлес қосқан әрбір жомарт мұсылманға сансыз сауап нәсіп етсін!