Мешіт салу

Күллі мадақ әлемдерді жаратқан Жаратушы Алла Тағалаға болсын! Адамзат баласын екі дүние бақытына жетелеген ардақты елші Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар болсын!

Бұл өмірге келген әрбір пенде өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп армандайды. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр. Ол сауабы сарқылмайтын ізгі амал түрін біз "уақып" деп айтамыз. Уақыпқа мешіт, медресе, бау-бақша салу немесе үлес қосу және т.б. мысал бола алады.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», - деді. Ендеше біз мешіт салатын болсақ, оған үлес қосатын болсақ, оның сыйы ретінде жәннәттан үлкен сарай беріледі деп Алланың елшісі сүйіншілеген.

Мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Аятта Алла адамзаттың мәңгілік мекеніне еш шүбәсіз сенетін мұсылмандардың мешіт салатыны туралы айтылған.
Ең бастысы сауапты іс жасаймын деген мұсылман қайырлы істі атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат етуі тиіс.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде:

"Жарар еді ортада мешіт салсақ,

Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,

Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,

Байларымыз жиналып уақып қылсақ",-

демекші, елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ниетті жандар мешіт құрылыстарына мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сауаптан үлес алуға мүмкіндігі мол. Ол үшін "Садақа-жасау" батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы өз үлесіңізді қоса аласыз. Алла Тағала үлес қосқан әрбір жанға жәннаттың төрінен сарай нәсіп етсін!

Социальные сети

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search