«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев және «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев дүкендер желісін қалыптастыру мәселесін талқылады.
Мамандар орталық мешіттің ауласын аралап, бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған діни заттар дүкендерін де қарап шықты.
Игі бастама жайлы ой өрбітіп, «Уақып» бағытына қатысты дүкендер желісін жасау турасында жоспар құрды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі