Тұрғын үй сатып алу

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға шексіз мақтаулар болсын! Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.с.) салауаттар болсын!

Алла Тағала Құранда айтады: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» («Бақара» сүресі, 267-аят). «Сәбә» сүресінің 39-аятында: «Алла жолында берген нәпақаларыңның есесін Алла толтырады», - делінген. Келтірілген аятта Алланың жолында әрбір мұсылман адам адал еңбекпен тапқан нәпақасынан жұмсау керектігі айтылған. Уақып қылу арқылы Алланың рақымын алуға болатыны белгілі, себебі садақаның ең абзалды – садақа жария (уақып).

Шалғай өңірлердегі мешіттердің жұмыстарын алға басудың, халықтың діни сауатын, рухани байлығын арттырудың маңызы артып келеді. Діни білікті ұстаздар еліміздің түпкір-түпкіріне жіберілуде, алайда тұрмыстық жағдай мәселесі тудындауда. Адамзаттың басты қажеттіліктерінің бірі болғандықтан, ұстаздарға қызметтік пәтер ұсыну бойынша жаңа жоба дайындалып жатыр. Жоба аясындағы пәтерлер қызметкердің иелігіне өтпейді. Қызметкерлерден алынған пәтерақы толығымен қайырымдылыққа, басқа да игі істерге жұмсалатын болады.

Құрметті жомарт жанды мұсылман қауым, сіздерді уақып қылып, сансыз сауапқа қол жеткізуге шақырамыз. Ол үшін "Садақа-жасау" батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Алла Тағала қол ұшын созған әрбір жомарт жанға сарқылмайтын сауап нәсіп етсін!

Социальные сети

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search