Бау-бақша егу
Мүлікті Алла жолында уақып етуге нұсқайтын әрі уақып қылудың қажетті нәрсе екенін дәлелдейтін аяттар бар: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» («Бақара» сүресі, 267-аят), - деп, ескерткен. Осы аятқа амал ретінде бау-бақша отырғызып, оны уақып қылып, одан шыққан өнімді қайырымдылық мақсатында жұмсау мүмкіндігі бар.
Ахмад бин Ханбал риуаят еткен хадисте сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): "Қиямет қайым басталған кезде кімнің қолында бір көшет болса, қиямет орнамай тұрып күші жетсе дереу отырғызып үлгерсін", - деп, көшет отырғызудың маңыздылығын меңзеген екен. Тағы бір хадис шәріпте: "Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Аллаһ Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа" (Ахмад бин Ханбал), - делінген.
