Оқу ақысын төлеу

Үздіксіз сауапқа кенелудің жолы – уақып ету. Уақып қылудың бір түрі – пайдалы біліммен қамтамасыз ету. Бүгінгі студент – ертеңгі еліміз үшін аянбай еңбек ететін білікті маман.

Пайдалы білім берушіге Алла Тағала үздіктіз сауап жазатыны жайында Әбу Һурайрадан жеткен хадисте баяндалған: «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: садақа жария (сауабы үзілмейтін садақа), пайдаға асқан ілім және артынан дұға жасайтын салихалы ұрпақ».

Құрметті мұсылман қауым, сіздерді Алланың жолында сауабы үзілмейтін амал жасауға шақырамыз. «Садақа-жасау» батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Алла Тағала өзгелердің білім алуына үлес қосқан әрбір жанға сансыз сауап нәсіп етсін!

Социальные сети

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search