Бау-бақша егу

Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Оған дәлел мына аяттар: «Алла жер бетіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты» («Бақара» сүресі, 29-аят), «Көк пен жердегінің барлығын нығмет ретінде сендердің игіліктеріңе беруші – Сол» («Жасия» сүресі, 13-аят), - деп келетін аяттарда жер мен көктегі барлық нығметтің адамдар үшін жаратылғандығы баяндалған. 

Мүлікті Алла жолында уақып етуге нұсқайтын әрі уақып қылудың қажетті нәрсе екенін дәлелдейтін аяттар бар: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарп етіңдер!» («Бақара» сүресі, 267-аят), - деп, ескерткен. Осы аятқа амал ретінде бау-бақша отырғызып, оны уақып қылып, одан шыққан өнімді қайырымдылық мақсатында жұмсау мүмкіндігі бар.

Ахмад бин Ханбал риуаят еткен хадисте сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): "Қиямет қайым басталған кезде кімнің қолында бір көшет болса, қиямет орнамай тұрып күші жетсе дереу отырғызып үлгерсін", - деп, көшет отырғызудың маңыздылығын меңзеген екен. Тағы бір хадис шәріпте: "Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Аллаһ Тағаланың жаратқандарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа" (Ахмад бин Ханбал), - делінген.

Құметті мұсылман қауымы, сіздерді сауабы үздіксіз жалғасатын амалға шақырамыз. Игі іске үлес қосу үшін «Садақа-жасау» батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы садақа жария (уақып) жасай аласыз. Алла Тағала елдің қамын ойлайтын әрбір жомарт мұсылманға сансыз сауап нәсіп етсін!

Социальные сети

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search