Мектеп/медресе салу

Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!..» («Алақ» сүресі) деп басталатыны баршамызға мәлім.

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. «Садақаның ең абзалы – бір мұсылманның білім үйреніп, кейін оны өзге мұсылман бауырына үйреткені» (Ибн Мәжаһ). Ислам діні білім алуға және сол алған білімді басқаларға да үйретуге шақыратын дін.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға хижра жасағаннан соң, сол жерде мешіт салдырып, онда арнайы дінді үйрету мақсатында бір бөлім құрғаны және ол орында өзі ұстаздық еткені мәлім. Пайғамбарымыз  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оқу-жазуды және басқа да ғылымдарды халыққа үйретуді сахабалардың ішіндегі сауаттыларына міндеттейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір жағынан білімділерге білетінін білмейтіндерге үйретуді бұйырса, екінші жағынан мұқтаж аймақтарға дінді үйрететін ұстаздарды жіберіп отырды. Осылайша мұсылмандардың білім алуына өзі тікелей ұйытқы болып, үлгі көрсетті.

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: садақа жария (сауабы үзілмейтін садақа), пайдаға асқан ілім және артынан дұға жасайтын салихалы ұрпақ». Хадисте айтылғандай өзге адамға үйреткен білім – сауабы тоқтамайтын амал болып табылады.

Раббымыз бізге: «Раббым! Менің білімімді арттыр!» деп дұға жасауды да үйретті. («Таһа» сүресі, 114). Келесі аятта: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» – деп білім иелерін ардақтайды («Зумар» сүресі, 9).

Алла Тағала білім алудың маңыздылығын бірнеше айтта баяндап, білім алушының дәрежесін көтеріп қойды. Ал басқаларға білімді үйреткен, немесе білім алу үшін үлсес қосқан адамның Алланың алдындағы дәрежесін түсіндіру мүмкін емес. Себебі Алла Тағала «Сәбә» сүресінің 39-аятында: «Алла жолында берген нәпақаларыңның есесін Алла толтырады», -деді. Демек Жаратқан Иеміз игі амал үшін мол сый-сыяпатқа бөлейтіндігі меңзеліп тұр.  

Құрметті мұсылман бауырлар, апа-қарындастар, сіздерді Алланың жолында сауабы үзілмейтін амал жасауға шақырамыз. "Садақа-жасау" батырмасын басып көрсетілген kaspi-QR коды арқылы игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз. Алла Тағала өзгелердің білім алуына үлес қосқан әрбір жанға сансыз сауап нәсіп етсін!

Социальные сети

"Уақып" қоры © Барлық құқығы қорғалған

Search